Қайырымдылық – адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегі адамгершілік қарым-қатынасын білдіреді. Қайырымдылықты мүсіркеушілік және жарылқаушылық деп те түсінуге болады.
Жуалы ауданы, Көлбастау ауылы, «Құлый баба» мешітінде Рамазан айы қарсаңында қайырымдылық іс-шарасы өтті. "Құлый баба" мешітінің молдасы Айбатбекұлы Бақытжанның ұйымдастыруымен ауылдағы мұқтаж 15 отбасына азық түлік таратылды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.