Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Қайыңды ауылдық «Тоқтыбай ата» мешітінің имамы Нұрболат Кеңесұлы мәдениет үйінде жастармен кездесіп, «жат діни ағымдардың қауіп-қатері» тақырыбында уағыз-насихат жасады. Жиынға ауылдық орта мектептің оқушылары қатысып, пайдалы ақпарат алып, діни жат ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастырды.
Біз ғасырлар бойы ата-бабаларымыз ұстанып келген «Әһлу сүннет уәл-жамағат» жолын, Матуриди ақидасын, Ханафи мәзһабын ұстанамыз. Қазақстан аумағындағы барлық мұсылмандарды береке-бірлігіміз сақталып, түрлі ағымнан сақтануымыз үшін осы ұстанымда болуға шақырамыз.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі