#Шу: Қасиетті Рамазан айында балаларға арналған шуақты қайырымдылық

#Шу: Қасиетті Рамазан айында балаларға арналған шуақты қайырымдылық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айының шарапаты сезілуде.  Ауданның бас имамы Алмас Кенжемолдаев пен “Төле би” мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы “Шу аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығына” арнайы барып қайты.

Ерекше балаларға бақыт сыйлау, оларға қоғамның мейірімін сезіндіру мақсатында түрлі ойыншықтар тарту етілді. Бұл күтпеген сыйлықтарды алған бүлдіршіндердің  жүздері шаттыққа толып, қуаныштан жадырады. Олар қонақтарымен қоштасуға қимай, мейірім мен қамқорлыққа толы осы ерекше сәтті ұзаққа созғысы келгендей әсерде болды.

Имамдар бүлдіршіндермен тілдесіп, оларға жылы лебіздерін білдірді. Өз кезегінде орталық қызметкерлері мен балалардың ата-аналары дін қызметкерлеріне алғыс айтты.

Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.  

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: