#Т.РЫСҚҰЛОВ: АУЫЗАШАРДА ҰЛТТЫҚ ДӘМДЕР ҚОЙЫЛДЫ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: АУЫЗАШАРДА ҰЛТТЫҚ ДӘМДЕР ҚОЙЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты ауылдық мешіттердің асханаларында ауызашар дастарқанына ұлттық тағамдар қосу қолға алынды. Қасиетті Рамазан айының Наурыз мерекесімен қатар келгеніне байланысты мешіт асханаларын ұлттық нақышта безендіру, ауызашар дастарқандарына ұлттық дәмдерді қосу жолға қойылып, ораза ұстаған халыққа ұсынылуда.

Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен нәрсе жоқ. Ал, ұлттық тағамдарымыз негізінен 4 түрлі азықтан жасалады. Атап айтсақ, ұннан, дәнді дақылдардан, сүт өнімдерінен және еттен әзірленеді. Соның ішінде жент – аса кәделі дастарқан дәмі болып табылады. Ол талқан, ірімшік және сары майдың қоспаларынан шыланады. Ең бастысы, қыста қатпайды, жазда бұзылмайды. Күн ыстықта шөлді басып, суық мезгілде қуат беретін қымыз, шұбат, айран мен қымыранды қазақ халқы «ағарған» дейді. Төрт түліктің сүтінен даярланған суысындар киелі саналған және одан қаймақ, сары май, сүзбе, құрт, ірімшік жасалған.

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: