Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Абай ауылы «Қалқабай ата» мешітінің имамы Талғат Таукеев пен Қарақыстақ ауылы «Бәйдібек баба» мешітінің имамы Қайсар Сұлтановтың қатысуымен ауылда дәстүрлі шара өтті. Шарада ауыл имамы мен ауыл ақсақалдары жиналып дәстүрлі әндер мен жырлар тыңдады.
Дәстүрлі киім киген мәдениет үйі қызметкерлері мен ақсақалдар алда келе жатқан Ұлттық мерекені дәріптеп, жастарға үлгі-өнеге болды. Қазақ қоғамына дәстүр боп қалыптасқан көрісу, құдайы қонақ, сарқыт, бәсіре т.б. секілді дәстүрлерді еске алып, бір-бірлеріне мән-маңызын, артықшылығын айтып, насихат жасады.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі