Жамбыл облысы, Қордай ауданының бас имамы Алмуханбет Айтмуханұлы қасиетті жұма күні жамағат алдында «DOKA PIZZA» кәсіпорын басшысына ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының сертификатын табыстады.
Әрбір кәсіпорын халал стандарттау бөлімінің сертификатын алу үшін арнайы бірнеше тексерістен өтеді. Бас имам аудан орталығында есігін айқара ашқан, адал әрі дәмді ас ішуімізге мүмкіндік беретін аталмыш дәмхананы халық болып қолдауға шақырды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі