Қордай: «Құдайберген» мешітінде Әжелер алқасы мектебі ашылды

Қордай: «Құдайберген» мешітінде Әжелер алқасы мектебі ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Құдайберген" мешітінде  Әжелер алқасы мектебі ашылды. Бастама мешіт ұстазы Малика Аханқызының ұйымдастыруымен болды. Әжелер төрайымы болып Жанаркул Дарменалиевна  тағайындалды. Әжелер алқасына бес апа жиналды. Әжелер алқасы  – тек әжелердің басын қосатын ұйым ғана емес, ол – халқымыздың рухани құндылықтарын ұлықтап, өнегелі ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосатын үлкен тәрбие мектебі.

    Қазақтың «Жақсы әже – алтын қазына» деген сөзі бар. Әжелер – отбасының берекесі, ұрпақтың тәрбиешісі, салт-дәстүрдің сақтаушысы. Олар өнегелі сөздерімен, даналық толғаныстарымен, өмірлік тәжірибесімен жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты, адамгершілік пен мейірімділікті сіңіреді.

   Бүгін ашылып отырған Әжелер алқасы – ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған үлкен бастама. Бұл ұйым арқылы біз жас отбасыларға ақыл-кеңес беріп, балалардың бойына ізеттілік пен инабаттылықты дарытуға үлес қосамыз. Әжелер алқасы арқылы рухани мұрамызды сақтап, ана тіліміз бен салт-дәстүріміздің жаңғыруына ықпал етеміз.

   Осы орайда, Әжелер алқасының жұмысына сәттілік тілеймін! Біздің аналарымыз бен әжелеріміз әрдайым аман болып, еліміздің көркеюіне, ұрпақ тәрбиесіне үлесін қоса берсін!

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: