Дана аталарымыздан қалған терең өсиетте «Атадан мал қалғанша,тал қалсын» делінген. Тағы бір сөзінде қазақ атамыз «Ер адамның бір парызы – ағаш егу». Осындай ой салатын сөздерден адам баласының қоғамға, табиғатқа пайдалы болуы орынды екенін түсінеміз. Аудандық әйел-қыздар сектор басшысы Эльмира Аманқожақызы шәкірттерімен «Рамазанда бір тал ек» жобасына қатысты.
Айналамыздағы адамдарға, қоғамға пайдалы болу дінімізде құпталған амал. Көпшілікті осы насихатты ұстануға шақырып үндеу жасалды. Баршамызды Алла Тағала өзіне, еліне, жеріне, адамзатқа шынайы қызмет етуді нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі