Қордай ауданы, Қордай ауылына арнайы шақырумен келген ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының Жамбыл облысы бойынша өкілі Аблайхан Ғабитұлы және Қордай ауданы бас имамы Алмуханбет Айтмуханұлы біршама кәсіпорындарды тексерістен өткізді.
Атап айтқанда, «Жк Қайрат фаст фуд» өнімдері, «Шқ Алға қасапханасы», «Жк Маки Маки фаст фуд» өнімдері және сертификат алуға өтініш білдірген «Қордай сүт өнімдері» арнайы тексерістен өткізілді.
Бас имам кәсіпорын басшыларына насихат айтып, халалға мән беру Халиқ һәм халық алдында үлкен жауапкершілік екендігін түсіндірді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі