Малика Аханқызы ұйымдастыруымен "Құдайберген" мешітінде басқосу өтті. Құранмен ашылған отырысқа дұға жасалды. Шәкірттер монолог оқып рамазан айымен құттықтау жеткізді. "Құдайберген" мешіті ұстазы Малика Аханқызы «Рамазан айындағы ораза, сабырдың түрлері» туралы пайдалы уағыз- насихат айтты.
Кешке арнайы шақыртумен келген аудан әйел-қыздар секторы басшысы Эльмира Аманқожақызы «Сағындырған Рамазан" тақырыбында уағыз- насихат айтты. "Қордай" мешіті Әжелер алқасы мүшелері сөз сөйлеп, көпшілікті Мубәрак аймен құттықтап ізгі ниеттерін білдірді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі