ҚМДБ Оқу ағарту бағыты бойынша Рамазан айында атқарылатын жоспарға сай аудандық «Қордай» мешітінде «бір айда бір кітап» жобасы аясында Құран Кәрімнің қазақша мағыналық аудармасын оқу акциясы ұйымдастырылды. Тарауих намазына жиналған жамағатқа ауданның бас имамы насихат айтып, басталған акцияға екі жеңді түріп тастап, етене кірісуге шақырды.
Намазға жиналған жамағат арасында рамазан оразасына қатысты сұрақ-жауап ойынын ұйымдастырып, толық жауап берген жүлдегерлерге сыйлықтар таратылды. Сұрақ-жауап ойынын жүргізген аудандық мешіттің наиб имамы Өмірсерік Халилаұлы жамағаттың білім-деңгейін сынады.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі