Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы жұма намазының алдында Қасиетті Рамазан айының қарсаңында «КІМ BAR» кафесінің халалға өткендігін растайтын сертификат табыс етті.
Осы уақытқа дейін Жамбыл облысы бойынша халалға жауапты Абылай мырза арнайы келіп асханаларды аралап, жасалып жатқан тағамдар мен оның қоспаларын қадағалап тексеруден өткізген болатын. Нәтижесінде 2 КІМ BAR асханасы шариғат шеңберінде адал ас әзірлейтін халал дәмханалардың қатарына қосылып, Рамазан айында жамағатты ауызашарлармен қамтамасыз ететін болады.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі