Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты бірнеше ауылда «Көрісу» күніне орай ұлттық салт-дәстүрімізге сай іс-шаралар ұйымдастырылды. Ауыл имамдары мен тұрғындар ұлттық киімдер киіп, ұлттық тағамдарды әзірлеп, өзара көрісу күнін атап өтті.
«Бір жасың құтты болсын!» деп тілек тілеу ата-бабаларымыздың әр адамның туған күнін жеке-жеке тойламайтындығының дәлелі. Жаңа жылда бір жас қосылатыны анық. Сондықтан, осы күні ғана адамдар бір-біріне «жасың құтты болсын!» деп тілек тілейді. Бірақ 14-наурызды «көрісу күні» деп емес, «көрісу айты» деген дұрысырақ дейді этнолог мамандар. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің жазбаларында ертеде «14 наурыз, ескіше 1 наурыз көктемнің бірінші күні деп қазақ «Наурыздама» тойлайтын еді, Ол 8, 9 күнге созылатын еді» дейді. Басқа амалдар тойланбаса да, ең ерекше амал 14 наурыз тойланып, ол салт-дәстүрге айналып, ұлыстың ұлы мерекесіне айналған.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі