ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТТЕ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТТЕ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде БАҚ өкілдеріне арналған ауызашар дастарханы жайылды. Игі шараға Тараз қаласындағы телеарналар мен редакция журналистері қатысып, қасиетті Рамазан айының берекесін бірге бөлісті.

Жиын барысында мешіттің наиб имамы Ғалымбек Жапек жиналған қонақтарды құттықтап, Рамазан айының мәні мен маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, ақпарат саласында қызмет етіп жүрген журналистердің қоғамдағы рөлі мен еңбегі ерекше екенін атап өтті.

Ауызашар барысында жиналғандар өзара жылы сұқбат құрып, ізгі тілектерін білдірді. Қатысушылар осындай рухани кездесулердің маңызын атап өтіп, мешіт ұжымына алғыс айтты.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: