Бүгінгі қайырымдылық күніне орай Балуан Шолақ ауылында игі іс жүзеге асты. «Қойайдар» мешітінің имамы Аян Байтұрғанұлының ұйымдастыруымен ауған соғысының ардагері, көпбалалы әке Ергенбай Сәбденбаевке жаңа баспана сыйға тартылды.
Қайырымдылық шарасына "Қалқа" шаруа қожалығының иесі Сағдат Нұрмағанбетұлы қолдау көрсетіп, ардагердің отбасына баспана сылады. Салтанатты түрде өткен іс-шарада үйдің кілті табысталып, қызыл лентасы қиылды.
Сауаптар екі еселеніп жазылатын қасиетті Рамазан айындағы бұл шара ауылдағы азаматтардың бірлігінің, жанашырлығының және мейірімділігінің жарқын көрінісі.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.