Қасиетті Рамазан айында «Қойайдар» мешітінде маңызды рухани кездесу өтті. Кездесу барысында мешіт имамы Аян Смайыл қонақтарды таныстырып, осындай рухани жиындардың маңыздылығын атап өтті.
Тарауық намазын аудан имамы Алмас Кенжемолдаев жүргізіп, жамағатқа насихат айтты. Шарада жас ұрпақты ұлттық әрі діни құндылықтармен тәрбиелеу, отбасы құндылықтары, ата-ана рөлі және жастардың тәрбиесі жөнінде дәріс жүргізілді.
Айта кетейік, жиынға арнайы қонақ ретінде аудан әкімі Бақытжан Жанибековте қатысты. Мұндай басқосулар қоғамдағы ынтымақ пен рухани тәрбиенің маңызын арттырып, жастардың дұрыс бағыт алуына зор үлес қосады.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.