Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің ұстазы әрі пәтуа бөлімінің жауапты маманы Әбдіқадыр Сейтқалы ұстаз Қордай ауданына арнайы іссапармен барып, Аудандық "Қордай" мешітінің жамағатымен кездесу өткізді.
Кездесу Асыр намазына жиналған жамағатқа пәтуа мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуден басталды. Әбдіқадыр ұстаз оразаны бұзатын және бұзбайтын амалдар жайында кеңінен тоқталып, шариғаттағы үкімдерін баяндады. Сонымен қатар, жамағат тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, діни тұрғыда туындаған мәселелерге қатысты нақты түсініктемелер берді.
Кездесу барысында мешітке жиналған жамағат көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өздерін қызықтырған мәселелер бойынша толыққанды жауаптар алды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі