ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ

ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Облыс бас имамы Асқар Сатылғанов Қордай аудандық "Қордай" мешітінде әйел-қыздар жамағатымен кездесуден кейін, ата-бабадан жалғасып келе жатқан "Тұсаукесер" дәстүріне қатысты. Салтанатты рәсім барысында имам тәй-тәй басып келе жатқан бүлдіршіннің тұсауын көпшілік алдында кесіп, оның болашағына ақ жол тілеп, дұға жасады.

Тұсаукесер рәсімі қазақтың ұлттық салт-дәстүрлеріне сай ұйымдастырылып, сәбидің таңдауына түрлі заттар ұсынылды. Бұл дәстүр оның болашақта қандай бағытта өсіп-жетілуіне деген ниет ретінде өткізілді. Жиынға жамағат өкілдері, аналар мен әжелер алқасының мүшелері қатысып, өздерінің ақ батасын берді.

Кездесу соңында ата-аналар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, осындай рухани әрі ұлттық құндылықтарды дәріптейтін шаралардың көптеп өткізілуіне ниет білдірді.

Ақерке Бекқұлова,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: