ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР ЖАМАҒАТЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР ЖАМАҒАТЫМЕН КЕЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Облыс бас имамы Асқар Сатылғанов Қордай аудандық "Қордай" мешітінде әйел-қыздар жамағатымен арнайы кездесу өткізді. Жиынға ауданның бас имамы Алмуханбетаранжан Егізбаев, Қордай ауданы әйел-қыздар секторының жетекшісі Эльмира Аманқожақызы және әжелер алқасының мүшелері қатысты.

Кездесу барысында Рамазан айының қадір-қасиеті, отбасындағы тәрбие, ананың рөлі мен имани құндылықтар жайында тағылымды сұқбат жүргізілді. Сонымен қатар, жамағат тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, насихат айтылды.

Жиын барысында әйел-қыздар жамағаты өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, отбасы құндылықтары, діни тәрбие, әйелдің қоғамдағы орны туралы сұрақтар қойды. Облыс бас имамы қатысушылардың әр сауалына жан-жақты жауап беріп, исламдағы отбасының маңызы, әйелдің ар-ожданы мен тәрбиесі жайында тереңірек тоқталды.

Жиын соңында жамағат ризашылықтарын білдіріп, осындай кездесулердің жиі ұйымдастырылуына тілек білдірді. Сонымен қатар, мешіт тарапынан әйелдер жамағатына рухани қолдау көрсету мақсатында арнайы бағдарламалар мен дәрістер ұйымдастырылатыны айтылды.

Ақерке Бекқұлова,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: