Шу ауданында Рамазан айының құрметіне орай қайырымдылық шаралары қарқынды түрде өтуде. Жергілікті жомарт жандар, кәсіпкерлер мен мешіт жамағаты мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін таратып, қуаныш сыйлауда.
Айта кетейік, «Күнту баба» мешіті, «Жылғабек» мешіті, «Кәрібай молда» мешіті, «Тоғай» мешіті, «Бірлікүстем» мешіті ауыл тұрғындарына қолдау білдіріп қана қоймай, ізгілік пен жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсете білді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.