ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ҚОРДАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ҚОРДАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының бас имамы Асқар Сатылғанов Қордай ауданы әкімінің орынбасары Сақатов Бақыт Оңласынұлымен кездесті.

Кездесу барысында облыс бас имамы аудан басшылығын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, айлардың сұлтаны саналатын берекелі айдың маңыздылығы туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, Рамазан айында атқарылып жатқан қайырымдылық шаралары мен мешіттердегі діни ахуалға қатысты пікір алмасып, ынтымақтастықты одан әрі нығайту жолдары талқыланды.

Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары да жылы лебізін білдіріп, қоғамдағы тұрақтылық пен рухани құндылықтарды дәріптеудегі имамдардың еңбегін жоғары бағалады.

Кездесу өзара ынтымақтастық пен ортақ мүдделерге негізделген сұқбат форматында өтті.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: