Қасиетті Рамазан айы – тек ораза ұстап, құлшылық қылатын уақыт қана емес, жақсылық жасап, сауап жинайтын берекелі кезең. Осыған орай, «Кәрібай молда» мешітінің имамы Аят Дыбысұлының ұйытқы болуымен Шу қаласы «Cinema Park» кинотеатр басшысы ерекше сауапты іс атқарды.
«Кәрібай молда» мешіті, "Төле би" мешіті, "Тоғай" мешіті, «Әбу-Бәкір Сыддық» мешіті және орталық «Жәми» мешітінің жамағаттарына тегін 200-ге жуық билеттаратылып, көпшілік «Молда» фильміне тегін тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Ислам және отбасы құндылықтары жылына орай, көпшілік бұл мүмкіндікті пайдаланып, жанұяларымен бірге барды.
Кино көрсетілімінен кейін жамағат ризашылықтарын білдіріп, көріністен алған әсерлерін айтып, көтерінкі көңіл-күймен тарқасып, алғыстарын жаудырды. Бұл шара жамағаттың рухани азық алып, отбасы құндылықтарын терең түсінуіне үлкен себепкер болды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.