Шу ауданының Жәми мешітінің Әйел-қыздар жамағаты қасиетті Рамазан айының құрметіне орай «Сағындырған Рамазан» атты ауызашар ұйымдастырды.
Ауызашар барысында жиналған жамағатқа Рамазан айының қадірі мен қасиеті жайлы тағылымды уағыз-насихат айтылды. Дін өкілдері бұл айдың мұсылмандар үшін ерекше рухани тазару кезеңі екенін атап өтіп, сабырлылық пен мейірімділікке, қайырымдылық пен кешірімділікке шақырды.
Жылы шырайлы кездесуде жамағат бір-біріне игі тілектер айтып, ынтымақ пен бірліктің маңызын тағы бір мәрте сезінді. Осындай рухани жиындар халықтың ауызбіршілігін нығайтып, Рамазан айының берекесін арттыра түсері сөзсіз.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.