Қасиетті Рамазан биыл табиғаттың оянып, жаңа тыныс алатын Наурыз айыментұспа-тұс келді. Бұл – тазалық пен жаңарудың, жақсылық пен ізгіліктің үйлесім тапқан айы.
Осыған орай, «Жиенбет Жексенбай» мешітінде ауланы абаттандыру жұмыстары басталып, жамағат тал егу, ескі ағаштарды кесу, түбін әктеу және гүл егетін жерлерді қопсыту сияқты игі істерге білек сыбана кірісті.
Жасыл желекке оранған мешіт ауласы жамағатқа ерекше тыныштық сыйлап, келушілерге жылулық ұялатады.Бұл бастама – тек көгалдандыру ғана емес, жүректерге жылу себу, сауапты іс жасау. Мешіт ауласының жайқалып, гүлдеп тұруы бұл да насихат!
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.