Қожағаппар ауылында "Қолбасшы Қойгелді" мешітінің имамы Мусатаев Жексенбайдың ұйымдастыруымен ауылдық мәдениет үйінің ұжымымен кездесу өтті. Іс-шара «Дәстүрлі емес діни идеологиядан сақтан!» тақырыбында ұйымдастырылып, қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі талқыланды.
Кездесу барысында Жексенбай имам ауыл тұрғындарына дәстүрлі емес діни идеологиялардың еліміздің бірлігі мен тұрақтылығына тигізер зияны туралы жан-жақты түсіндірді. Ол деструктивті ағымдардың белгілерін, олардың таралу жолдары мен зиянды әсерін нақты мысалдармен баяндап, сақтанудың маңыздылығына тоқталды.
Жиын соңында ауыл тұрғындары имамға өз алғыстарын білдіріп, көтерілген мәселелердің өзектілігін атап өтті.
"Қолбасшы Қойгелді" мешітінің баспасөз қызметі.