Аққұм ауылында қасиетті Рамазан айының берекесі мен мүмкіндіктері туралы насихат айтылды. "Тұңғатар ата" мешітінің имамы Абатов Дәурен жамағатқа Ұлы Раббымызға мінәжатымызды арттырудың, жасалған әрбір игі амалдың еселеніп жазылатынының, сондай-ақ түндерде оқылатын тарауих намазының маңыздылығы мен артықшылықтарының мәнін түсіндірді.
Жиын соңында имам: "Қасиетті Рамазан айында әрбір мүмін қолынан келгенше жақсы амалдар жасап, сауапқа кенелуге ұмтылуы тиіс" деп, жамағатты ізгі істерге асығуға шақырды.
"Тұңғатар ата" мешітінің баспасөз қызметі