Қызыләуіт ауылында жат ағымдардың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмысы өтті. "Жаңабай сопы" мешітінің имамы Әбдіқали Әбдірасылұлы ауылдық мәдениет үйінің ұжымымен кездесіп, қауіпті діни ағымдардан сақтанудың маңыздылығы туралы баяндады.
Жиын барысында елімізде қауіпті болып саналатын салафи-уахабилік сектасының әрекеттері талқыланып, жастарды деструктивті ағымдардың ықпалынан қорғау жолдары түсіндірілді.
Кездесу соңында мәдениет үйінің ұжымы имамға алғыс айтып, ізгі тілектерін білдірді.
"Жаңабай сопы" мешітінің баспасөз қызметі