Қасқабұлақ ауылында қасиетті Рамазан айының маңыздылығы түсіндірілді. "Әбілхан қажы" мешітінің имамы Асанов Хеурза тарауих намазына жиналған жамағатқа Рамазан айының рухани жаңару, жақсы мінез қалыптастыру және өзгеру кезеңі екенін атап өтті.
Сондай-ақ, имам осы қасиетті айдың шарапатынан құр қалмаудың маңыздылығына тоқталып, жамағатқа оразаны дұрыс ұстау жөнінде пайдалы кеңестер берді. Кездесу соңында жамағат оразаға байланысты сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.
"Әбілхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі