Талас: «АРАҚСЫЗ РАМАЗАН» ЧЕЛЛЕНДЖІ ЖАЛҒАСУДА!

Талас: «АРАҚСЫЗ РАМАЗАН» ЧЕЛЛЕНДЖІ ЖАЛҒАСУДА!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айында сауапты істерді көбейтіп, жаман әдеттерден арылуға шақыратын «Арақсыз Рамазан» челленджі Қаратау қаласынан бастау алып, ауданның барлық ауылдарында жалғасын тапты.

Бұл бастаманы Әбдірашит ата мешітінің имамы Ахат Қайыпбергенұлы көтерген болатын. Оның үлгісін Тамды, Көктал, Майтөбе және Сәду Шәкіров ауылдарының имамдары қолдап, ауылдық полиция қызметкерлерімен бірге дүкендер мен мини-маркеттерді аралады. Олар кәсіпкерлерге қасиетті айды арақ-шарапсыз өткізудің маңыздылығын түсіндіріп, халал өнімдерді насихаттады.

Нәтижесінде, бірқатар дүкен иелері бұл игі бастаманы құптап, сөрелерінен арақ-шарап өнімдерін алып тастауға шешім қабылдады. Бұл челлендждің басты мақсаты – қоғамды таза, сау және берекелі өмірге ұмтылуға шақыру.

Аудандық «Қаратау Қажы би» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: