Қасқабұлақ ауылындағы "Әбілхан қажы" мешітінде қасиетті Рамазан айына орай намаз үйрету сабағы өткізілді. Мешіттің имамы Асанов Хеурза намазға ниет етіп жүрген ауыл тұрғындарына намаздың маңыздылығын түсіндіріп, оның дұрыс оқылу тәртібін үйретті.
Сондай-ақ, имам діни білімді әлеуметтік желіден емес, білікті дін мамандарынан үйренудің маңызын атап өтті. Жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, мешітке жаңадан келушілерге қолдау көрсетілді.
"Әбілхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі