Аудандық "Қаратау Қажы би" мешітінде ауызашар барысында сұрақ-жауап айдары өтті. Шара Ауданның бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлының ұйымдастыруымен мешіт асханасында ұйымдастырылды.
Жамағатқа діни сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге арнайы сыйлықтар табысталды. Көпшілік ерекше қызығушылық танытып, шара тартымды әрі әсерлі өтті.
Жамағат бұл игі бастаманы жоғары бағалап, осындай рухани кездесулердің жиі ұйымдастырылуын қалайтындарын жеткізді.
Аудандық "Қаратау Қажы би" мешітінің баспасөз қызметі