Қасиетті Рамазан айының құрметіне Сәду Шәкіров ауылында "Тегін такси" акциясы ұйымдастырылды. Игі бастама Байтоқты баба мешітінің имамы Оспанов Бақдәулеттің ұйытқы болуымен жүзеге асуда.
Акция аясында ауылдан қалаға қатынайтын төрт көлік осы айдың соңына дейін тұрғындарды тегін тасымалдайды. Мұндай игі іс Рамазан айының берекесін арттырып, жамағаттың ауызбіршілігін нығайтуға септігін тигізуде.
Жергілікті тұрғындар мешіт тарапынан ұйымдастырылған қайырымды шараға ризашылықтарын білдіріп, бастаманың көпшілікке пайдасы мол екенін атап өтті.
"Байтоқты баба" мешітінің баспасөз қызметі