#Т.РЫСҚҰЛОВ: «ҚОШ КЕЛДІҢ, РАМАЗАН» АТТЫ ДӘСТҮРЛІ ІС-ШАРА ӨТТІ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: «ҚОШ КЕЛДІҢ, РАМАЗАН» АТТЫ ДӘСТҮРЛІ ІС-ШАРА ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешіті шәкірттерінің ұйымдастыруымен “Қош келдің, Рамазан!” атты рухани кеш өткізілді. Жиынның басында аудандық “Сұлтан” мешітінің наиб имамы Нұрбай Айтөре Қасиетті Құран аяттарын оқып, бата берді. Мешіттің ұстазы Шынали Айгерім Оразаның шарттары мен маңыздылығы тақырыбында уағыз – насихат айтты. Іс-шара барысында Қадіржан Інжу “Жауға” және “Секіртпе” күйін тартты.

“Асыл әжелер” тобы “Алғыс” әнін айтты. Мешітіміздің шәкірті Утегенова Камила “Салауат” әнін орындады. Келген қонақтарға әріптермен діни терминдерді жасырып жарыстырса, одан әрі сөзжұмбақтармен жарыс болды. Жиынға келушілердің қатысуымен мақал-мәтелдер ойыны ойнатылды. Ойынға қатысқан барлық қатысушыларға сыйлықтар таратылды.

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: