Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің асханасында өткен ауызашарда аудан бас имамы Азамат Берікұлы Рамазан айының ортаңғы он күндігі жайлы насихат айтты.
Жиын барысында аудан бас имамы Азамат Берікұлы: « Рамазан айының он күні артта қалды, ортаңғы он күндігіне аяқ басып отырмыз. Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Рамазан айының үш бөліктен тұратынын оның алғашқы он күні – Алланың мейірімі, екінші он күні – Алланың кешірімі, соңғы он күні – тозақтан құтылу екендігі жайлы айтқан. Осы ортаңғы он күндікті босқа өткізіп алмай Алланың кешіріміне асығайық» - деп ауызашар дастарханына жиналған жамағатқа уағыз-насихат айтты.
Рамазан айының екінші он күндігінде Хақ Тағала барлық күнә-қателіктерімізді кешіреді. Олай болса, біз де өзгелердің қателіктеріне көз жұма, кешіріммен қарайық.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі