Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының тапсырмасымен аудандық және ауылдық мешіт жамағаттарына дәрістер өткізілуде.
Аудан имамы мешіт жамағатынің, жастардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында аудандық «Меркі ата» мешітіне практикалық қызметін атқарып жатқан «Үш қоңыр» медресесінің 4 курс студенті Жарас Муслимді дәрістер беруге бекітті. Қазіргі таңда «Мұғалім сәни» және «Имандылық әліппесі» кітаптары бойынша дәрістер жүргізілуде. Іс-шара өзінің оң нәтижесін беруде.
Алла Тағала дінімізді толыққанды үйреніп, Елімізге, Жерімізге абыроймен, адал қызмет етуімізді баршамызға нәсіп етсін!!!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі