Меркі ауданы Т.Рысқұлов ауылында «Рамазан қоржыны» науқаны өтті. Ауыл имамы Көктал Мадиярдың ұйытқы болуымен қасиетті Рамазан айында 9 отбасыға азық-түліктей көмек берілді. Атап айтсақ, әр отбасыға күнделікті тұрмысқа қажетті ұн, шекер, май, күріш, ет, таратылды.
Көмек алған отбасылар осы игі іске демеушілік еткен және атсалысқан барша азаматтарға өз ықыластарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.
Алла Тағала басқаларға қарайласып жүрген бауырларымыздың ниеттерін қабыл етіп, кәсіптеріне, отбасыларына береке берсін!!!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі