Қақаған қыстан аман-есен шығып, шүкір етіп, бір-бірімен амандықпен қауышып, қазан көтеріп, ас беретін ізгі ата-баба жолын жалғап, Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің асханасында мешіт жамағатына арнап ауызашар уақытында ұлттық асымыз наурыз көже берілді
Ақ дастархан басында аудан бас имамы Азамат Берікұлы ұлттық құндылығымызды дәріптеп, уағыз-насихат айтты. Мешіт жамағаты да, игі-іс шарадан рухани нәр тарқасты.
Алла Тағала біздерді асыл дінімізді берік ұстап, салтымызды сақтаған, дәстүрімізді құрметтеген ұрпақтардан болуды жазып, қасиетті жұма күнгі дұға-тілектерімізді қабыл еткей!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі