Меркі: 40 отбасыға ет таратылды

Меркі: 40 отбасыға ет таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жыл сайын әр Рамазанда ауданымызға қарасты кәсіпкер ағамыз қара мал сойып, етін мұқтаж отбасыларға үлестіріп беріп отырады.

Осы жылы да сол дәстүрді жалғастырып, сауаптар еселенетін қасиетті Рамазан айында Меркі ауданы «Жүніс молда» мешітіне қарасты  ауылдағы жағдайы төмен және қарапайым 40 отбасыға қара малдың еті тарқатылып берілді.

Көмек алған отбасылар осы игі іс-шараға қолдау көрсетіп, демеуші болған кәсіпкер ағамызға, мешіт имамына алғыстарын білдіріп, баталарын берді. Алла Тағала бір-бірімізге бауырмал, мейірімді болуды баршамызға нәсіп етсін!!!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: