1 Наурыз - Алғыс айту мерекесіне орай аудан әкімі Ербол Жиенқұлов ардагерлермен және этномәдени бірлестігі мүшелерімен арнайы кездесу өткізді.
Шара барысында аудан әкімі Ербол Жиенқұлов сөз алып, барша қонақтарды Алғыс айту күнімен құттықтап, елімізде тыныштық пен тұрақтылықтың сақталуы, бірліктің нығаюы жолындағы әрбір азаматтың үлесі маңызды екенін атап өтті.
Осы игі шарада ауданымыздың тыныштығы мен бірлігі үшін қызмет жасап, діннің туын көтеріп жүрген, аудан бас имамы Азамат Берікұлы аудан әкімі Ербол Жиенқұловтың құттықтауымен алғыс хатпен марапатталды.
⠀
Сонымен қатар, облыс әкімі орынбасарының алғыс хатымен және аудан әкімінің құттықтауымен бірқатар азаматтар марапатталды Бұл іс-шара тек өткенге құрмет көрсету ғана емес, сонымен қатар, елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдерінің өзара сыйластығы мен бірлігін нығайтуға, достықты сақтауға қосылған маңызды қадам болды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі