«САҒЫНДЫРҒАН РАМАЗАН» ТАҚЫРЫБЫНДА УАҒЫЗ ӨТТІ

«САҒЫНДЫРҒАН РАМАЗАН» ТАҚЫРЫБЫНДА УАҒЫЗ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Һибатулла Тарази» мешітінде ҚМДБ-ның Әйел-қыздар секторының Жамбыл облысы бойынша жетекшісі Жазира Иманалиева ұстаздың «Сағындырған Рамазан» атты уағызы өтті.

Рухани жиынға қыз-келіншектер мен ақ жаулықты аналар қатысып, Рамазан айының қадір-қасиеті, оразаның берекесі мен сауабы жайында тағылымды насихатты ұйып тыңдады. Уағыз барысында ұстаз ораза ұстаудың артықшылықтары, әйел адамның отбасы мен қоғамдағы рөлі, берекелі айда жасалатын сауапты істер жөнінде кеңінен түсіндіріп, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өсиеттерін жеткізді.

Шара соңында қатысушылар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, ұстаздан тұшымды жауап алды. Жамағат Рамазан айын құлшылықпен, ізгі амалдармен өткізудің маңыздылығын ерекше сезініп, уағызға ризашылықтарын білдірді.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: