АҚҚҰМ АУЫЛЫНДА ҚҰРАН ЖӘНЕ АЗАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

АҚҚҰМ АУЫЛЫНДА ҚҰРАН ЖӘНЕ АЗАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Талас ауданы Аққұм ауылындағы «Тұңғатар» мешітінде діни білімді насихаттау және жас қари, азаншыларды қолдау мақсатында жарыс ұйымдастырылды. Байқау бірнеше номинация бойынша өтті: Құран оқу, азан шақыру және Алланың 99 көркем есімін жатқа айту.

Жарысқа өңірдің түрлі мешіттерінен үміткерлер қатысып, өзара бақ сынады. Сайыс барысына ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы арнайы келіп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, «Һибатулла Тарази» қайырымдылық мекемесінің директоры Аманкелді Бірлік және Талас ауданының бас имамы Жалғасбай Жұбатқановпен бірге қазылар алқасында болып, жарысқа әділ бағасын берді.

Құран оқу сайысының жеңімпаздары:

  • Бас жүлде – Талас аудандық «Қаратау Қажы би» мешітінің шәкірті Ратбек Ерасыл

  • 1-орын – Тамды ауылындағы «Тәңкібай ата» мешітінің шәкірті Дүйсенбі Аян

  • 2-орын – Талас аудандық «Қаратау Қажы би» мешітінің шәкірті Лесбек Исмайл Болатұлы

  • 3-орын – Талас аудандық «Қаратау Қажы би» мешітінің шәкірті Құрманбай Раян

Азан шақыру жарысының жеңімпаздары:

  • 1-орын – Бостандық ауылы «Төртбай ата» мешітінің азаншысы Әбумұхаммед Әли

  • 2-орын – Қаратау қаласы «Әбдірашит ата» мешітінің азаншысы Көбесов Қайрат

  • 3-орын – Талас аудандық «Қаратау Қажы би» мешітінің азаншысы Қосанов Даняр

Алланың 99 көркем есімін жатқа айту сайысының жеңімпаздары:

  • 1-орын – Аққұм ауылы «Тұңғатар ата» мешітінің шәкірті Итемген Нұрали Темірланұлы

  • 2-орын – Қаратау қаласы «Әбдірашит ата» мешітінің шәкірті Абутали Ақылбек

  • 3-орын – Шәкіров ауылы «Байтоқты баба» мешітінің шәкірті Ізбас Аянат

Іс-шара соңында Жарысты ұйымдастырған «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының» Жамбыл облысы филиалының төрағасы Бақытжан Арқабекұлы өңірдегі діни білім мен рухани тәрбиенің дамуына қосқан үлестері үшін бас имам Асқар Зәкіржанұлы мен ұстаз Амангелді Бірлікке құрмет көрсетіп, маслихаттың 30 жылдығына арналған медаль табыстады.

Сайысқа қатысқан барлық үміткерлерге алғыс айтылып, жүлдегерлер 1, 2, 3 орындар бойынша марапатталды. Үш номинация бойынша жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар, қаржылай сертификаттар, арнайы дипломдар мен алғыс хаттар табысталды. Сондай-ақ, ынталандыру сыйлықтары үлестіріліп, бас жүлде иегеріне Ұмра қажылығына жолдама берілді.

Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жеңімпаздарға құрмет көрсетілді. Шара соңында ардагерлер жүлдегерлерге батасын беріп, шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Игі шара мешіт шәкірттерінің діни сауатын арттырып, ізгілік жолында тәрбиелеуге септігін тигізді.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: