ОБЛЫС БАС ИМАМЫ «СҰЛТАН» МЕШІТІНЕ ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗДІ

ОБЛЫС БАС ИМАМЫ «СҰЛТАН» МЕШІТІНЕ ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы аудандық «Сұлтан» мешітіне арнайы барып, мешіттің тыныс-тіршілігімен танысты. Бұл – облыс бас имамының аталмыш мешітке алғашқы сапары.

Зерделеу жұмысы барысында ол мешіт қызметіне назар салып, имамдардың жұмысын бағалап, өз тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, мешіт аумағындағы дәретхана мен кеңсе ғимаратын аралап, қызмет сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар айтты.

Қасиетті Рамазан айына байланысты бірқатар маңызды тапсырмалар беріліп, мешіт жұмысының тиімділігін арттыруға қатысты бағыт-бағдар көрсетілді.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: