Қасиетті Рамазан айына дайындық ретінде "Кеңесхан қажы" мешітінің шәкірттері мешіт ішінде тазалық жұмыстарын жүргізді.
Игі шара барысында мешіттің ішкі аумағы толықтай тазаланып, ғибадат үйі жамағатқа жайлы болу үшін ретке келтірілді. Бұл бастама мешіт шәкірттерінің ауызбіршілігі мен жауапкершілігін көрсетіп, жамағатқа үлгі боларлық іс ретінде қабылданды.
Мешіт ұжымы тазалық жұмыстарына атсалысқан шәкірттерге алғысын білдіріп, олардың бұл игі істеріне сәттілік тіледі.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі