ӨСЕК ПЕН ҒАЙБАТТАН САҚТАНУҒА ШАҚЫРҒАН УАҒЫЗ

ӨСЕК ПЕН ҒАЙБАТТАН САҚТАНУҒА ШАҚЫРҒАН УАҒЫЗ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде жамағатқа тәрбиелік мәні зор уағыз айтылды. Мешіттің ұстазы Абдуали Боханов «Өсек-аяң тарату, біреудің сыртынан сөз айту, ғайбат айту – қоғам үшін қауіпті әдет» деген тақырыпта насихат жүргізді.

Уағыз барысында ұстаз өсек пен ғайбаттың адам руханияты мен қоғамның тұтастығына тигізер зиянын, оның діни тұрғыдан күнә екенін түсіндірді. Сондай-ақ, мұсылманның кемшілігін жасыру, өзгелердің абыройын сақтау, қоғамда сенімділік пен ауызбіршілікті нығайтудың маңыздылығын хадистер мен ғұламалардың еңбектеріне сүйене отырып жеткізді.

Шараға жамағат белсенді қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Уағыз соңында жиналғандарға ізгі амалдарға ұмтылып, тілдің зиянынан сақтану қажеттігі жайлы ақыл-кеңес берілді.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: