Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы аудандық «Сұлтан» мешітінде жұма уағызын жүргізіп, жамағатқа зекеттің маңыздылығы туралы насихат айтты.
Жұма намазын жергілікті жамағатпен бірге оқып, олардың көкейінде жүрген діни сұрақтарына жауап берді. Уағыздан рухани азық алған мешіт жамағаты облыс бас имамын жылы ықыласпен қарсы алып, ризашылықпен шығарып салды.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі