Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы іссапары барысында жаңадан ашылып, қызметін бастаған «Атамекен» қайырымдылық мекемесіне арнайы барып, зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында Құран тәлімімен сусындап жатқан шәкірттермен жүздесіп, олардың күн тәртібімен танысты. Сонымен қатар, мекеме ғимаратының ішін аралап, жағдайын көрді. Бас имам мекеме қызметкерлеріне қауіпсіздік шараларын күшейту жөнінде тапсырма берді.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі