Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Тұрар Рысқұлов ауданына жасаған іс-сапары барысында аудан әкімі Ернар Серікәліұлымен арнайы кездесті.
Кездесу барысында тараптар өзара танысып, алдағы бірлесе атқаратын жұмыстарды талқылады. Сонымен қатар, бас имам қасиетті Рамазан айымен құттықтап, аудан басшысына қасиетті Құран кітабын сыйға тартты.
Сондай-ақ, Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келген берекелі айда ұйымдастырылатын ауызашар дастархандарында наурыз көже беруді дәстүрге айналдыруды ұсынды.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі