Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылында жаңа мешіттің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы мешіттің құрылыс барысымен танысып, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Сапар барысында ҚМДБ-ның іс басқарушысы Халид Қожахметов және ауданның бас имамы Қуаныш Досымжанұлы да болды.
Екі қабаттан және жерасты бөлігінен тұратын мешітте намаз оқитын негізгі залмен қатар, әйелдерге арналған намазхана, дәрісхана және дәретхана қарастырылған. Қазіргі таңда мешіттің қаңқасы көтеріліп, күмбездері жасалуда. Сонымен қатар, мешіт жанынан асхана ғимаратын салу жоспарда бар.
Құрылыс жұмыстары аяқталған соң, мешіт ауыл тұрғындары мен жамағат үшін құлшылық ордасына айналмақ.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі