Тараз қаласында ҚМДБ-ның «Діни оңалту» бөлімінің маманы, РАНТ мүшесі Ислам Қаюпов Жамбыл облысы бойынша оңалту бағытында жұмыс жасайтын имамдармен арнайы кездесу өткізіп, семинар жүргізді.
Кездесу барысында теріс діни идеологияның алдын алу, жат ағым өкілдерімен жұмыс жүргізу әдістері, оңалту ісіндегі тиімді тәсілдер талқыланды. Ислам Қаюпов имамдардың діни оңалту бағытындағы қызметінің маңыздылығына тоқталып, өз тәжірибесімен бөлісті.
Семинар барысында қатысушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, практикалық кеңестер алды. Бұл жиын имамдардың діни оңалту жұмысын жетілдіруге және қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды шара болды.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі