ОҚУШЫЛАРҒА ЖАТ ДІНИ АҒЫМ ИДЕОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ОҚУШЫЛАРҒА ЖАТ ДІНИ АҒЫМ ИДЕОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласындағы «Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде» оқушыларға жат діни ағымдардың зияны туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Кездесуді ҚМДБ-ның «Діни оңалту» бөлімінің маманы, РАНТ мүшесі Ислам Қаюпов өткізді. Ол жастарға теріс ағымдардың қоғамға тигізер қауіп-қатері, олардың белгілері мен ерекшеліктері туралы кеңінен түсіндіріп, дәстүрлі исламның құндылықтарын насихаттады.

Кездесу барысында оқушылар көкейіндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Мұндай ақпараттық жұмыстар жастардың діни сауатын арттырып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: